Жаңалықтар

Қор нарығында доллар қымбаттады

Қор нарығында доллар қымбаттады
Фото: © Pixabay.com 15.08.2023 18:22 849

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,54 тиынға қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы 449, 17 теңге. Ұлттық банктің 15 тамыздағы ресми бағамы – 1 долларға 448,55 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны - 4,42 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 449,9 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 452,5 теңге. Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 448 теңге, сатып алу құны– 452 теңге. Ресей рублі 4,59 – 4,68 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға