Жаңалықтар

Қор нарығында доллар бағамы төмендеді

Қор нарығында доллар бағамы төмендеді
Фото: Pixabay.com 30.06.2023 16:45 761

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы арзандады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 1,67 теңгеге төмендеп, 1 доллар 452,51 теңге болды.

Айта кетейік, Ұлттық банктің 30 маусымдағы ресми бағамы 1 доллар үшін 454,13 теңге болды. Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы – 451 теңге, сатып алу – 453 теңге. Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы 448,5 теңгеден болса, сатып алу – 452,5. Алматыда Ресей рублі 5,06 – 5,19 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 5,08 - 5,18 теңгеден сатылуда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға