Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 0,90 теңгеге төмендеп, 1 доллар 447,40 теңге болды. Айта кетейік, Ұлттық банктің 21 маусымдағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 448, 30 теңге болды.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 446 теңге, сатып алу – 449 теңге. Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 445,5 теңгеден болса, сатып алу – 448,5 Алматыда Ресей рублі 5,19 – 5,43 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 5,25 - 5,35 теңгеден сатылуда.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

