Жаңалықтар

Қор нарығында доллар арзандап жатыр

Қор нарығында доллар арзандап жатыр
Фото: pixabay.com 13.12.2022 19:31 2573

Доллардың теңгеге шаққандағы құлдырауы жалғасуда, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Қазақстан қор биржасына сілтеме жасап.

Күндізгі сауданың нәтижесінде доллардың орташа сараланған бағамы 0,52 теңгеге төмендеп, 469,35 теңгені құрады. Айта кетейік, Ұлттық банктің 13 желтоқсандағы 1 долларға арналған ресми бағамы 469,93 теңгені құрайды.

Kurs.kz хабарлағандай, дәл қазір Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 468,32 теңгеден сатып алынып, 471,45 теңгеден сатылуда. Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 469,45 теңге, сату – 472,58 теңге. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға