Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы арзандады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 0,56 теңгеге төмендеп, 1 доллар 445,88 теңге болды.
Айта кетейік, Ұлттық банктің 8 тамыздағы ресми бағамы 1 доллар үшін 446,36 теңге болды.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы – 446,1 теңге, сатып алу – 448,7 теңге. Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы 446 теңгеден болса, сатып алу – 450.
Алматыда Ресей рублі 4,61 – 4,83 теңге аралығында саудаланса, Астанада көрші ел валютасы 4,68 – 4,78 теңгеден сатылып жатыр.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

