Жаңалықтар

Қор нарығында доллар арзандады

Ресей рублі 6,71 – 6,81 теңге аралығында саудаланып жатыр
Қор нарығында доллар арзандады
Фото: kapital.kz 13.01.2023 16:41 945

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Күндізгі сауда-саттыққа сәйкес, 1 доллар 0,22 теңгеге арзандап, 462, 29 теңгені құрады.

Айта кетейік, Ұлттық банктің 13 қаңтардағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 462, 58 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 461,5 теңге, сатып алу – 465,5 теңге.

Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 461,3 теңгеден болса, сатып алу – 464,5 теңге.

Ресей рублі 6,71 – 6,81 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ұлттық банк дерегіне сәйкес, 13 қаңтар күні Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 6,83 теңгені құрайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға