kurs.kz

Қор нарығында доллар 2 теңгеге арзандады

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы төмендеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Күндізгі сауда нәтижесінде АҚШ валютасының орташа бағамы 2,27 теңгеге төмендеп, 523,58 теңге болды. Ал Ұлттық банктің ресми бағамы - 526,02 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы айырбастау пункттерінде:

  • доллар орта есеппен 524,34 теңгеден сатып алынып, 526,06 теңгеден сатылуда;
  • еуро 605,96 - 610,20 теңге аралығында;
  • рубль 6,41 - 6,51 теңге;
  • юань 74,16 теңгеден сатып алынып, 76,73 теңгеден сатылуда.

Астанадағы айырбастау орындарында бағамдар келесідей:

  • доллар: сатып алу - 522,45 теңге, сату - 529,45 теңге;
  • еуро: сатып алу - 602,48 теңге, сату - 612,48 теңге;
  • рубль: сатып алу - 6,37 теңге, сату - 6,52 теңге;
  • юань: сатып алу - 74,93 теңге, сату - 78,97 теңге.

Айта кетейік, өткен апта соңында доллардың орташа бағамы 0,55 теңгеге төмендеп, 526,02 теңге болған еді.