Жаңалықтар

Қор нарығы: доллар қымбаттауда

Қор нарығы: доллар қымбаттауда
Фото: ©AP/LM OTERO 13.06.2023 17:42 545

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,24 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы 448, 62 теңге. Ұлттық банктің 13 маусымдағы ресми бағамы – 1 долларға 447, 32 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны - 5,43 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллар 446,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 450 теңге. Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 447 теңге, сатып алу құны– 451 теңге. Ресей рублі 5, 32 - 5, 42 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға