Қоқыс шығару тарифі көтеріле ме? Министр жауап берді
26.03.2025 11:11
Фото:
t.me/KZgovernment
Қазақстанда қоқыс шығару тарифі ең төмен көрсеткіштердің бірі саналады. Ал шетелде бұл қызметке қатысты айыппұлдар 100 мыңнан 300-400 мың теңгеге дейін жетеді. «Биыл тарифтер көтеріле ме?» деген сұраққа экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев нақты жауап бермеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оның айтуынша, бүгінде 211 аудан мен қаланың 155-і тарифтерін қайта қараған, алайда бағаның күрт өсуі күтілмейді. Қалған өңірлерде бұл мәселе әлі қарастырылуда.
Оны бірден айту мүмкін емес. Жалпы 211 аудан мен қаланың 155-і тарифтерін кері қарады. Қалтаны қағатындай көтерілмейді. Бизнес тиімді болмаса, компаниялар бармайды. Қалғаны тарифтерін қарастырып жатыр. Қанша пайызға көтерілетінін айта алмаймыз, – дейді министр.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

