Жаңалықтар

Қоңырау соғамын деп астаналықтардың телефонын қолды қылған алаяқ ұсталды

Қоңырау соғамын деп астаналықтардың телефонын қолды қылған алаяқ ұсталды
Фото: ©El.kz/Арман МУХАТОВ 29.05.2024 14:21 547

Астанада қоңырау шаламын деп тұрғындардың телефонын қолды қылған күдікті ұсталды. Бұл туралы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

30 жастағы ер адамның екі рет алаяқтық жасағаны анықталды. Күндіз күдікті Манас көшесінде дүкен маңында бір әйелді кездестіріп, жедел қоңырау шалу үшін телефонын сұрайды. Қолына iPhone телефонын алған күдікті бірден қашып кеткен.

Келесі күні қалааралық таксидің салонында отырып, дәл осылай жолаушыны алдаған. Қоңырау шаламын деген сылтаумен күдікті Redmi телефонын иемденіп, кейін көліктен түсіп, ізін суытқан. Бұл жағдай бойынша Алматы аудандық ПБ қызметкерлерінің жедел-іздестіру шаралары барысында алаяқтық жасаған күдікті ұсталды, - делінген хабарламада.  

Аталған факті қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қылмысты жасағанын мойындап, оның бұрын елордада осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталып жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға