Қонаевтағы туристік-спорттық ойын-сауық кешені ASP Arena-да қысқы дрифт шоу өтті. Шара 16 қаңтар күні басталған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Облыстық әкімдік мәліметінше, шоуды тамашалауға Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев те келді.
Дрифт шоу үшін ауданы 20 600 шаршы метрді құрайтын Орта Азиядағы ең үлкен мұз айдыны ашылды. Көлік жарысына әлемнің түкпір-түкпірінен жүргізушілер қатысты, - делінген мәліметте.
Сыйлық қоры жекелей қатысушыларға 1000 АҚШ доллары мен командалық есепте 2000 АҚШ долларын құрады.
Сондай-ақ Қонаев қаласының әкімдігі білім, спорт және әлеуметтік қорғау басқармаларымен бірлесіп, 500 балаға тегін коньки тебу демалысын ұйымдастырды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

