Қонаевта халықты шұғыл мобильді хабардар ету жүйесі тексеріледі
21.09.2025 21:07
Фото:
ҚР ТЖМ
Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті хабарлағандай, 22 қыркүйек күні, сағат 12:00-де Қонаев қаласында халықты шұғыл мобильді хабардар ету жүйесінің техникалық тексерісі өтеді, деп жазады El.kz интернет порталы.
Бұл уақытта қала тұрғындары мен қонақтарының мобильді құрылғыларына дыбыстық белгімен қоса мәтіндік хабарлама түседі.
Департаменттің мәліметінше, аталған жүйе төтенше және шұғыл жағдайларда халықты жедел хабардар ету үшін қолданылады.
Мұндай хабарламалар түскен кезде олардың мазмұнымен мұқият танысып, көрсетілген нұсқауларды орындау қажет, – деп атап өтті ведомство.
Айта кетейік, тексеріс тек техникалық сипатқа ие және халық үшін ешқандай қауіп төндірмейді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

