Жаңалықтар

Қонаевта дәрігерлер ауыр халде ауруханаға түскен жүкті әйелді аман алып қалды

Қонаевта дәрігерлер ауыр халде ауруханаға түскен жүкті әйелді аман алып қалды
Фото: instagram.com/almoblzdrav 24.01.2024 08:45 651

Қонаев тұрғыны қаңтардың алғашқы күнінде жүктіліктің 21 апта 3 күн мерзімінде ауыр халде ауруханаға түскен. Қалалық көпсалалы ауруханасының қабылдау бөліміне жеткізілген әйелге дәрігерлер шұғыл көмек көрсеткен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Дәрігерлер науқасқа “Екі жақты полисегментарлы өкпе қабынуы” диагнозын қойып, жағдайын ауыр деп бағалады. Науқастың тыныс алуының нашарлауына байланысты жансақтау бөлімшесінде бар озық медициналық құрал-жабдықтарды қолдана отырып, қарқынды емді бастады. Жүкті әйел мен әлі туылмаған нәрестенің өмірлік көрсеткіштерін тәулік бойы бақылауға алды.

Болашақ ананың сөзіне сүйенсек, білікті дәрігерлер оның өмірі үшін күні-түні күрескен.

Оқи отырыңыз: 

Үш аптаға жуық уақыт өткен соң болашақ ана жансақтау бөлімшесінде жанына аурухананың директоры, акушер-гинеколог дәрігері Айман Галимжанқызы Ракишеваның келіп, қолын алып, жылулыққа толы сөздер айтқанын және олар жүрегінде мәңгілікке сақталып қалғанын сөз етті және бұл қолдау оның рухын көтеріп қана қоймай, үмітін үзбеуге көмектескен екен. Олар: «Берілме! Отбасың сені үйде күтуде! Өмірің үшін күрес, бізге көмектес!» - деген сөздер болатын.

Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жүкті әйелдің алты баласы бар. Кішісі небәрі екі жаста. Науқас жетінші перзентіне аяғы ауыр.

Әйел амбулаториялық-емханалық қызмет дәрігерлерінің бақылауына алынған. Жағдайы қанағаттанарлық,  бүгін ауруханадан үйіне шығарылды. Барлық көрсеткіштері қалыпты, денсаулығына қауіп жоқ.  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға