Қонаев қаласының әкімдігі

Қонаевта атауы жоқ көшелерге белгілі тұлғалардың есімі берілді

Қонаев қаласында бірқатар көшелерге жаңа атаулар берілді. Бұл туралы Алматы облыстық мәслихатының ресми сайтында жарияланған қаулыда жарық көрді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Республикалық ономастикалық комиссияның 2025 жылғы 10 қыркүйектегі қорытындысына сәйкес, Алматы облысы әкімдігі мен облыстық мәслихаттың бірлескен шешімімен Қонаев қаласындағы атауы жоқ бірнеше көшеге қоғам қайраткерлері мен өңірге еңбегі сіңген тұлғалардың есімдері берілді.

Жаңа атаулар тізімі төмендегідей:

  • Атауы жоқ көше (1-ші линия)Әбдіқадыр Нұрмағамбетов көшесі;
  • Атауы жоқ көше (2-ші линия)Ақбай Әлібаев көшесі;
  • Атауы жоқ көше (3-ші линия)Жақыпжан Шарипов көшесі;
  • Атауы жоқ көше (4-ші линия)Сүндетбай Балхашев көшесі;
  • Атауы жоқ көше (6-шы линия)Жұмабек Жақыпов көшесі;
  • Атауы жоқ көше (8-ші линия)Әукен Жылқыбаев көшесі.

Жаңа атаулар Қонаев қаласының әлеуметтік және мәдени дамуына үлес қосқан тұлғалардың есімін ұлықтау мақсатында беріліп отыр.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы қаласында 156 көше мен нысанға жаңа атаулар берілген болатын.