Қонаев қаласында баласының туған күніне көкпар ұйымдастырған тұрғын жауапқа тартылды
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден
03.09.2023 17:25
4034
Алматы облысының орталығы Қонаев қаласында үлкен жолдың бойынша көкпар ұйымдастырған тұрғын жауапқа тартылды. Бұл туралы өңірдің полиция департаментінің басшысы Бауыржан Әленов мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі
2 қыркүйек күні ағат 21:40-та Қонаев қаласындағы "Береке" кафесінің жанындағы Алматы-Өскемен песпубликалық маңызы бар автожолының бойында, бір топ адам көкпар ойының өткізгені туралы хабарлама келіп түскен көрінеді.
02.09.2023 жылы 1979 ж.т. азамат, балаларының туған күніне орай, Қонаев қаланың шетінде "Көкпар" ұлттық спорттық іс-шарасын ұйымдастырып, оған басқа аудандардың спортшылары қатысқаны анықталды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері іс-шараның ұйымдастырушысы мен қатысушыларын Қоняев ҚПБ-на жеткізді, - деп жазды Б.Әленов.
Аталған оқиғаға қатысты барлық адамдарға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434, 406, 590-бабы 5-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып отыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елімізде АҚШ-тың сауда министрлігінің сайты бұғатталды
Келесі жаңалық
Өрт сөндіруші Аяз ата балаларға қуаныш сыйлады