Жаңалықтар

Қолөнершілер отбасы да сайлаудан тыс қалған жоқ

Жетісулық Шәмен әулеті сайлауда белсенділік көрсетті
Қолөнершілер отбасы да сайлаудан тыс қалған жоқ
Фото: gov.kz 19.03.2023 14:49 606

Жетісулық қолөнершілер - Шәмен әулеті бүгін сайлауда белсенділік көрсетті. Сайлау учаскесіне ұлттық дәстүрімізді дәріптеп, рухани жаңғыру жолында талмай еңбек етіп жүрген әулетті отағасы Жұманұр Шәмен бастап келді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Жетісу облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Сайлауға отбасымызбен белсене қатысамыз деп нақты шешім қабылдадық. Себебі қоғамдық өзгертуге әрбір азамат атсалысуы тиіс. Ол осындай маңызды науқандарда өз таңдауыңды жасаудан айқын көрінеді», - дейді шебер.

Ескелді ауданында тұратын Жұманұр Шәмен қолөнер ісіне өз балаларын, басқа да шәкірттерін баулып келе жатқанын айтады. Әулетіне қолөнерге үйірлік әкесінен дарыған екен. Отбасы қазір ағаштан түрлі бұйымдар жасау ісін жалғастырып келеді. Домбыра, астау, сандық сияқты түрлі бұйымдар жасауға ұлы қолғабыс етсе, қыздары дизайн жағынан көмекші. Жұбайы да көрпе, төсек жабдықтарын тігумен айналысады. Қысқаша айтқанда, Шәмен отбасының барлық мүшесін түгелдей қолөнер шебері деуге болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға