«Қола медаль үшін күреседі»: Марал Тәңірберген жеңіліп қалды

 Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі

Қырғызстанда күрес түрлерінен Азия чемпионаты өтіп жатыр. 50 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Марал Тәңірберген жартылай финалда жеңіліс тапты. 


Ол жартылай финалда  атақты жапон балуаны Юи Сусакимен белдесті.  Әлемдік деңгейде үлкен тәжірибесі бар, аузын айға білеген Сусаки білгенінен жаңылмады. Әр мүмкіндігін тиімді пайдаланып, тізгінді жіберген жоқ. Марал болса соңына дейін күресті,  барын салды. Алайда 0:8 есебімен жеңіліп, финалға шыға алмады. 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Kazakhstan Wrestling Federation (@kazwrestling_official)



Айта кетерлігі, Марал Тәңірберген үшін жарыс әлі аяқталған жоқ. Алда қола жүлде үшін күреседі. 

 

Оқи отырыңыз