Жаңалықтар

«Қоғамдық пікір»: Сайлауға және пікірсайысқа қатысты сауалнама нәтижесі

qazaqstantv
Фото: qazaqstantv 02.03.2023 1187

«Қоғамдық пікір» зерттеу институтының сайлауға және пікірсайысқа қатысты сауалнамасының нәтижесі белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

«Қазақстан» телерадиокорпорациясының тапсырысымен «Қоғамдық пікір» зерттеу институты ҚР Парламенті Мәжілісінің сайлауына және партиялар пікірсайысына қатысты әлеуметтік сауалнама жүргізді. Онлайн сауалнамаға қазақстандықтар сайлауға қатысатын партиялар пікірсайысы барысында тікелей эфирдерде бейнеленген QR-код арқылы өтіп, қатысты.

70 минут ішінде сауалнама 18 жастан асқан 34 947 респондентті қамтыды.

Қазақстандықтар сауалнамада «Дауыс беруге барасыз ба?», «Пікірсайыста қай партия өкілінің сөйлеген сөзі Сізге көбірек ұнады?», «Бүгінгі пікірсайыс Сізге қаншалықты қызық болды?» деген сауалдарға жауап берді.

«Дауыс беруге барасыз ба?» сауалына респонденттердің 77, 6 %-ы «Иә» деп жауап берген.  «Иә деуге болады» - 12,1 %, «Әзірге білмеймін» 9,3 %, «Жоқ» деуге болады 0,4 %, «Жоқ» 0,6%.

«Пікірсайыста қай партия өкілінің сөйлеген сөзі Сізге көбірек ұнады?»  деген сауал бойынша «Amanat» партисы - 72, 3%,  «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы - 3,7 %,  Respublica партиясы - 14, 8 %, Қазақстан Халық партиясы – 1,3 %, Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы – 4,3 %,  «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы – 1,1 %, Жалпыұлттық социал-демократиялық партия - 1, 9% пайыз қолдауға ие болды. «Ешқайсы» деп жауап бергендер үлесі - 0,6%,

«Бүгінгі пікірсайыс Сізге қаншалықты қызық болды?» деген сауалға респонденттердің 69,9%-ы «Өте қызық» деп жауап берген. 16,7 %-ы «Қызық деуге болады» десе, 7 %-ы «Қызық емес деуге болады» деп айтқан. Ал сауалнамаға қатысушылардың 6,4%-ы «мүлдем қызық емес» деп жауап берген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға