Жаңалықтар

Қоғамдық кеңестер күшейтіліп жатыр – Дархан Қыдырәлі

Тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету, жол салу мәселері оң шешімін тапқан
Қоғамдық кеңестер күшейтіліп жатыр – Дархан Қыдырәлі
03.12.2022 13:39 1248

Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданымен халқымен кездесуде айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

«Мемлекет басшысының биылғы 16 наурыздағы Жолдауындағы тапсырмасына орай, еліміздегі қоғамдық кеңестердің құрамы 90 пайыз жаңартылды. Қазір кеңестердің жұмысын жетілдіріп жатырмыз», - деді Д.Қыдырәлі.

Министрдің айтуынша, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысын Ұлытау жерінде өткізуі бұл аймақтың елдің руханияты мен мәдениеті, болашағы мен бүгіні үшін қаншалықты маңызды екенін көрсетеді.

Мемлекет басшысы: «Ұлттық құрылтайдың Ұлытауда басталғаны дұрыс болды. Киелі өлкеміз Жаңа Қазақстанды құру жолындағы бірліктің символына айналды», – деп атап өткен болатын», - деді министр.

Өңірлерде қоғамдық кеңестердің қатысуымен медициналық қызметтерге төленетін төлем, мектеп, спорт алаңдары құрылысы, тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету, жол салу мәселері оң шешімін тапқан.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға