Мәдениет және ақпарат министрлігі

Қоғамдық кеңес мүшелеріне арналған онлайн-оқыту басталды

17.07.2025 05:40

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Жаңадан сайланған Қоғамдық кеңес мүшелеріне арналған онлайн-семинарлар басталғанын хабарлайды, деп жазады El.kz интернет порталы.

Ведомство дерегінше, оқытудың басты мақсаты – қоғамдық кеңестердің кәсіби біліктілігі мен институционалдық әлеуетін нығайту арқылы азаматтардың мемлекеттік саясатты әзірлеу және жүзеге асыру үдерісіне белсенді қатысуын қамтамасыз ететін маңызды тетік ретіндегі рөлін күшейту.

Оқу бағдарламасы Қоғамдық кеңестер қызметінің негізгі бағыттары бойынша 11 тақырыптық онлайн-семинарды қамтиды: Қоғамдық кеңестер қызметінің құқықтық негіздері, қоғамдық бақылау жүргізу тәртібі, этика және жауапкершілік, мемлекеттік органдармен тиімді өзара іс-қимыл, жеке құзыреттіліктерді дамыту, азаматтардың өтініштерін сапалы қарастыру, жария коммуникация және үздік тәжірибемен алмасу, - делінген мәліметте.

Семинарлар мемлекеттік басқару, құқық және азаматтық секторды дамыту саласындағы жетекші сарапшылардың қатысуымен қазақ және орыс тілдерінде өткізіледі.