Жаңалықтар

«Қоғамдық келісім» мекемесінің директоры тағайындалды

«Қоғамдық келісім» мекемесінің директоры тағайындалды
Фото: Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі 16.02.2023 15:25 1482

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі «Қоғамдық келісім» ұжымына директор Элина Паулиді таныстырды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Э.Паули 2021 жылы Президенттік Жастар кадрлық резервіне қабылданды. Сондай-ақ ол Қазақстан халқы Ассамблеясының және ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі болған.

Әр жылдары Элина Паули ҚР АҚДМ қоғамдық жаңғырту департаменті, Жастар және отбасы істері комитетінде қызмет етті.

Сонымен қатар ол «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы» ЖШС директорының орынбасары болды, 2022 жылдан бастап ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға