Жаңалықтар

Қобда ауданында су тасқынынан зардап шеккендерге 147 үй салынып жатыр

Қобда ауданында су тасқынынан зардап шеккендерге 147 үй салынып жатыр
Фото: Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі 10.07.2024 10:39 816

«Строй-Ақтөбе» ЖШС 2 тұрғын үй салуда, онда ішкі әрлеу жұмыстары аяқталып, электр жарығы қосылып, су құбырлары тартылған. Құрылысқа 15 мердігер ұйым тартылған, барлығы 253 адам жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жарық ауылында екі мердігер мекеме 17 үйдің қабырғасы мен төбесін төсеп бітірді.

Қазір 12 үйдің іргетасы қаланды. 136 үйдің сыртқы қабырғалары тұрғызылса, 129 үйдің шатыр жабыны орнатылды. 62 үйге терезе жақтаулары орнатылды Құрылыс материалдарынан тапшылық жоқ, барлығы дер кезінде жеткізіледі. Электр желілерін, газ, су тарту бойынша келісімге қол қойылды, қазірдің өзінде жұмыстар жүргізілуде, - делінген Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ақпаратында.

Құрылысты тамыз айында аяқтау жоспарланған. ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Ахуалдық орталығының мәліметінше, Ақтөбе облысында:

- 511 тұрғын үйді салады – 511 басталды;

- 503 тұрғын үйді сатып алады – 406 сатып алынды;

- 3 073 тұрғын үйге жөндеу жұмыстарын жүргізеді – 3 000 аяқталды

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға