ҚМДБ: Құрбан айттың бірінші күні 34 мың отбасыға ет таратылды
07.06.2025 10:25
Фото:
muftyat.kz
Қайырымдылық – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қоғамға бағытталған басты бағыттарының бірі. Биыл да ҚМДБ құрбан шалуды дәстүрлі түрде және QURBAN.MUFTYAT.KZ сайты арқылы онлайн форматта ұйымдастырып отыр, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
6 маусым – Құрбан айттың алғашқы күні еліміз бойынша жалпы саны 20 797 мал құрбандыққа шалынған. Оның ішінде 997 өтініш онлайн форматта қабылданған. Мал түрлері бойынша: қой – 18876, ешкі – 970, ірі қара – 944, түйе – 16.
Құрбандық еті республика көлемінде 34 771 мұқтаж отбасы мен 210 әлеуметтік мекемеге үлестірілді.
Айта кетейік, онлайн құрбан шалуға тапсырыстар Qurban.muftyat.kz сайты арқылы маусым айының 8-і күні сағат 12:00-ге дейін қабылданады.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

