Жаңалықтар

ҚМДБ беретін халал сертификаттарына қаншалықты сенуге болады?

ҚМДБ беретін халал сертификаттарына қаншалықты сенуге болады?
Фото: muftyat.kz 04.09.2023 10:55 1148

Бұқаралық ақпарат құралдарында «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» беріп жүрген халал таңбасы заңсыз» деген ақпарат таратылуда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Осы жөнінде, ҚМДБ-ға қарасты «Халал Дамудың» ҚР Әділет министрлігінде бекітілген жарғысы мен мемлекеттік үлгідегі №71209 тауар таңбасына куәлігі бар екендігін және заң шеңберінде жұмыстар атқарып жатқанын мәлім етті.

Халал Дамудың негізгі бағыттары:
— ҚР халал индустриясын дамыту;
— «Халал» маркалы қызметтермен және тауарлармен нарықты дамыту;
— «Халал стандарттарына» сәйкес келетін, бәсекеге қабілетті тауарлар мен қызметтердің өндірісі және іске асырылуы;
— ҚР бірыңғай халал жүйесін қалыптастыру;
— Сертификаттау, метрология саласындағы қызметтер мен сапаны басқару болып табылады.

Сонымен қатар, 2018 және 2022 жылдары Малайзияның исламды дамыту департаменті (JAKIM) ұйымынан аккредиттеуден өткен болатын. Құрамына әлемнің 43 алпауыт мемлекеті кіретін 75 мекеменің тізіміне енді. Бұл дегеніміз – «Халал Дамудан» сертификаттаудан өткен кез-келген кәсіпорын өз өнімдерін әлемнің дамыған елдеріне «QMDB HALAL» таңбасымен еш кедергісіз, еркін экспорттау құқығына ие болғандығын білдіреді.

Осы негізге сүйене отырып, ҚМДБ-ға қарасты «Халал Дамудың» заңды түрде стандарттау және сертификаттау шараларын атқарып жатқандығын мәлімдейміз, - делінген ақпаратта.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға