Жаңалықтар

ҚМА терроризмді қаржыландыруға қарсы халықаралық форумға қатысады

ҚМА терроризмді қаржыландыруға қарсы халықаралық форумға қатысады
Фото: Қаржылық мониторинг агенттігі 26.04.2024 10:40 542

Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Дмитрий Малахов бастаған делегация "Кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері" Халықаралық ғылыми-практикалық форумының жұмысына қатысуда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ауқымды іс-шара ағымдағы жылдың 24-26 сәуірінде Нижний Новгород қаласында (РФ) өтуде. Форум аясында Ресей Федерациясы, БАӘ, ҚХР, Египет, Бразилия, Куба, Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қырғыз Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Тәжікстан Республикасы және басқа да елдердің қаржылық барлау бөлімшелері осы саладағы барлық елдерге ортақ қауіптердің алдын алу мақсатында халықаралық ынтымақтастықтың тетіктерін, оның ішінде жаңа технологияларды қолдана отырып, КЖ/ТҚҚ-ның өзекті тәуекелдері мен қауіптерін талқылайды.

Форумда ҚМА өкілдері Қазақстан Республикасындағы ҚЖ/ТҚ-да виртуалды активтерді пайдалануға қарсы іс-қимыл тәжірибесімен, сондай-ақ қылмыстық активтерді қайтару бойынша ел жүргізіп жатқан жұмысымен бөліседі.

Дмитрий Малахов сонымен қатар қаржылық барлау бөлімшелері басшылары кеңесінің 26-шы отырысына қатысты.

ҚБББК-ға қатысушы елдердің қаржылық барлау басшылары Кеңестің және оның жұмыс топтарының ағымдағы жылға арналған жоспарларын бекітті, КЖ/ТҚҚ саласындағы өңірдегі жедел жағдайды, сондай-ақ КЖ/ТҚ байланысты тәуекелдерді азайту жөніндегі одан әрі шараларды талқылады.

Айта кетейік, ҚБББК – Қазақстан, Ресей, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан сияқты елдерді қамтитын ТМД-ның салалық органы. Кеңес азаматтардың, қоғамның, ТМД – ға қатысушы мемлекеттердің Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру және терроризмді қаржыландыру нәтижесінде туындайтын қауіптерден қорғалуын қамтамасыз етуге арналған.

Сонымен қатар, форум аясында қазақстандық делегацияның шет мемлекеттердің ҚББ басшыларымен бірқатар екіжақты кездесулері өткізілді, олардың барысында ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға