ҚМА Қуандық Бишімбаевтың отбасына тиесілі активтерді тексеруге дайын
Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр
22.05.2024 12:06
709
Бұл туралы агенттік төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Агенттік өкілі қазіргі дейін ешқандай қылмыстық іс тіркелмегенін мәлім етті.
Қазірге дейін бізде тіркелген қылмыстық іс жоқ. Бірақ заңсыз жолмен алынған қылмыстық кірістерге қатысты жалпы негізде тұрақты тексеру жүргіземіз. Қылмыстық жолмен алынып, заңдастырылған заңсыз кірістер болса, міндетті түрде жауапқа тартамыз. Петицияға келсек, оның нәтижесін күтейік. Бұл мәселені зерттеп, оған міндетті түрде назар аударамыз, - деді агенттік төрағасының орынбасары.
Айта кетейік, Оtinish.kz сайтында Қуандық Уәлиханұлы Бишімбаевтың отбасы мүшелері мен туыстарының мүліктік жағдайы мен мүлкінің шығу тегіне тәуелсіз тексеру жүргізу туралы Қазақстан Республикасының президентіне ашық үндеуге 50 мыңнан астам азамат қол қойған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
ТЖМ құтқарушылары жолда қалған шетелдікке көмектесті