Жаңалықтар

ҚМА қазақстандықтарға алаяқтар жайлы ескертті

ҚМА қазақстандықтарға алаяқтар жайлы ескертті
Фото: ©Pixabay.com 26.07.2024 11:50 536

Қаржылық мониторинг агенттігі телефон арқылы жасалған алаяқтық фактілері туралы хабарлайды, деп жазады El.kz ақпарат агенттігі.

Агенттік мәліметінше, алаяқтар телефон қоңыраулары немесе хабарлама жіберу арқылы өздерін ҚМА қызметкерлері ретінде таныстыруы мүмкін.

Сұхбат барысында Қазақстан резиденттерінің қаражатын банктік шоттардан қылмыстық жолмен алудың әртүрлі схемаларын сылтау етіп, алаяқтықтың ықтимал белгілеріне және ҚМА тарапынан қойылған шектеулерге байланысты банктердегі шоттар бойынша операцияларды тоқтата тұру туралы хабардар етеді. Әрі қарай алаяқтар банктік шоттардың реквизиттерін, заңмен қорғалатын және құпия, жария етілмейтін деректерді ұсынуды сұрайды, - делінген мәліметте.

Әңгімелесу барысында жәбірленушіге агенттік атынан жалған құжаттар жіберіледі, онда мемлекеттік органның қолы, атауы, мөрі мен реквизиттері орналастырылады.Бұл ретте қоңырау шалушылар өз әрекеттері жайлы ешкімге хабарламауыңызға кеңес береді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға