Жаңалықтар

ҚМА 269,3 млн теңге залал келтірген 21 істі тергеп жатыр

ҚМА 269,3 млн теңге залал келтірген 21 істі тергеп жатыр
Фото: ©El.kz/Нүркен АЛИШЕВ 04.07.2023 10:10 1177

Қаржылық мониторинг агенттігі дене шынықтыру және спорт саласын дамытуға бөлінген мемлекет қаржысының ұрлануының алдын алу бойынша жұмыс жүргізуде.

Агенттік мәліметінше, 2023 жылдың 6 айында ғана агенттікте жалпы сомасы 269,3 млн теңге залалы бар 21 іс тергелуде.

Айта кетейік, ашық ақпарат көздерінен алынған мәліметтерге сәйкес, 2019-2023 жылдар аралығында спортты дамытуға шамамен 300 млрд теңге бөлінген.

Агенттік тауарлар мен қызметтерді жоғарылатылған бағамен сатып алу, қызмет көрсетудің нақты орындалмауы және басқа да бұзушылықтар бойынша талдау жүргізеді, - делінген мәліметте.

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде спортты дамытуға бөлінген бюджет қаражатының ұрлануына жағдай туғызатын себептерді анықтау және мұндай заң бұзушылықтардың алдын алатын тетіктерді жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу жоспарлануда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға