Жаңалықтар

Қираған ойын алаңқайлары, лас көшелер: Мемлекет басшысы әкімдерге қалаларды жаяу аралауды тапсырды

Қираған ойын алаңқайлары, лас көшелер: Мемлекет басшысы әкімдерге қалаларды жаяу аралауды тапсырды
Фото: ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі 19.04.2023 10:56 845

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек пен өзге де қала әкімдеріне сын айтты, деп хабарлайды El.kz  ақпараттық агенттігі.

Қаламыздың тазалығы тұрғындардың мәдениетіне де байланысты. Өкінішке қарай, біздің қаламыз таза емес. Оны мойындауымыз керек. Тұрғындар өзінің тұратын жерін, ауласын таза ұстамайды, көңіл бөлмейді. Бұл біздің елордамыздың жоғары имиджіне сын. Елорданың мәртебесі қаланың орталығында ғана емес, қала сыртында да жоғары болуы маңызды, - деді Президент.

Тоқаевтың айтуынша, елімізде жоғары және орта мәртебеге ие қалалардың барлығының көрінісі нашар. Ол үшін шаһар басшылары қаланы жаяу аралауы керек дегенді алға тартты.

Тағы бір айта кететін мәселе – балаларға арналған ойын алаңқайлары. Оны қолданудың өзі қауіпті, тіпті қолдануға келмейді десек те болады. Сондықтан әкімдер жаяу жүріп қаланы аралауы керек. Бұл Астана қаласының әкіміне де қатысты, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға