ҚХЛ: бүгін «Барыс» сырт айдында кездесу өткізеді
29.10.2025 15:00
Фото:
ХК «Барыс» баспасөз қызметі
Құрлықтық хоккей лигасында өнер көрсететін елордалық «Барыс» бүгін қонақта «Авангардпен» кездеседі, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Омбы қаласында өтетін кездесуде Михаил Кравец шәкірттері барын салары белгілі. Бұған дейін қос ұжым өзара 76 рет кездескен. Соның 25-і жерлестеріміздің жеңісімен аяқталса, қалған ойындардың барлығында «Авангард» басым болған.
ҚХЛ турнирлік кестесінде «Барыс» әзірге 19 ұпаймен 15-орынға жайғасса, ресейлік ұжым 25 ұпай жинап, 7-орынға тұрақтады.
Кездесу Қазақстан уақытымен 18:20-да басталады.

