hcbarys.kz

ҚХЛ: «Барыс» жеңіске жетті

10.10.2023 06:10

Қазақстандық «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынында елордада Ресейдің «Трактор» (Челябі) командасынан басым түсті, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Кездесу барысында қазақстандық ұжым барынша жинақы қимыл көрсетті. Нәтижесінде 17-минутта елордалық Всеволод Логвин есеп ашып кетті.

Ал 25-минутта Аркадий Шестаков есепті үстемелей түсті.

Ресейлік клуб гол соғу мүмкіндігін іздеді. Олардың қатарынан 39-минутта Чарльз Робинсон есеп айырмасын қысқартқан еді.

Осылайша, «Барыс» қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсті. Турнир кестесінде 13 ұпаймен бір орынға жоғары көтерілді.