Жаңалықтар

ҚХА су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек жіберді

ҚХА су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек жіберді
Фото: ҚХА 05.04.2024 22:49 660

Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге алғашқылардың бірі болып қолдау көрсетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚХА-ның «Жүректен жүрекке» арнайы жобасы іске қосылып, оның аясында Ақмола және Қарағанды облыстарына гуманитарлық көмек жіберілді.

ҚХА мәліметінше, гуманитарлық көмектің бірінші бөлігі Қарағанды облысының Шет ауданына жөнелтілді.

Гуманитарлық көмекті жеткізген ҚХА төрағасының орынбасары Ақбаржан Исмаилов, «Ассамблея жастары» ұйымының төрағасы Тимур Джумурбаев азық-түлік пен алғашқы кезде қажет болатын заттарды  зардап шеккен халыққа үлестіріп, жергілікті тұрғындармен кездесулер өткізді, - делінген мәліметте.

Гуманитарлық көмектің екінші бөлігі Ақмола облысының Достық үйіне жеткізілді. Кейбір заттар эвакуациялық пункттерге жөнелтілді.

Ассамблея сенаторлары Алишер Сатвалдиев пен Геннадий Шиповских жергілікті жерлердегі жағдаймен танысып, тұрғындармен кездесіп, олардың сұрақтарына жауап берді.

ҚХА республикалық штабының мүшелері басқа да зардап шеккен өңірлерге барады.

Еліміздің барлық өңірінде Достық үйлерінің базасында штабтар, еріктілер орталықтары, гуманитарлық көмек қабылдау пункттері ұйымдастырылған. ҚХА-ның қолдауымен жиналған гуманитарлық көмек сомасы — 110 млн теңгеден астам, - делінген ҚХА баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Құтқарушылар мен еріктілерге жергілікті жерлерде ҚХА тарапынан ыстық тамақтар ұйымдастырылуда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға