Жаңалықтар

ҚБТУ жалға алатын жерге қатысты дау шықты. Құлыбаеваның қатысы қанша?

ҚБТУ жалға алатын жерге қатысты дау шықты. Құлыбаеваның қатысы қанша?
Фото: © El.kz 20.02.2024 13:53 1075

Алматы прокуратурасы «ҚазМұнайГаз» бен Нұрсұлтан Назарбаев білім беру қорын сотқа берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Прокурорлар Қазақстан-Британ техникалық университетін (ҚБТУ) сатуды заңсыз деп тануды талап етуде.

ҚМГ жоғары оқу орнын қорға 2018 жылы сатып жіберген. Қордың үш меншік иесі бар. Олардың арасында бұрынғы президенттің қызы Динара Құлыбаева да бар.

Zanamiviehali телеграм-арнасының мәліметінше, 2023 жылғы 7 ақпанда ЖОО-ның басты ғимараты тұрған жерді жалға алу мерзімі аяқталған. ҚБТУ бұл жерді мемлекеттен жалға алып келген.

ҚБТУ жалға алу мерзімін ұзарту туралы өтініш бергенімен, 2023 жылғы маусымда Жер комиссиясы бұдан бас тартқан.

Сонымен қатар 2023 жылғы 14 шілдедегі Алматы қалалық әкімдігінің № 3/370-417 қаулысы қабылданған, - делінген Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасының телеграм-арнаға берген мәліметінде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға