Жаңалықтар

QazVac-тың III клиникалық сынақ нәтижесі жарияланды

QazVac-тың III клиникалық сынақ нәтижесі жарияланды
28.06.2022 04:47 1517

Беделді әлемдік LANCET журналында қазақстандық ғалымдар әзірлеп шығарған QazVac вакцинасының клиникалық сынақтары III кезеңінің нәтижелері жарияланды, деп хабарлайды EL.KZ  ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының директоры Күнсұлу Закарьяның жетекшілігімен COVID-19-ға қарсы QazVac вакцинасы әзірленген еді.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымдарына сәйкес вакцина бойынша III фазалық клиникалық сынақтар өткізілді. Сынақ нәтижелер вакцинаның адам үшін тиімділігі мен қауіпсіз, сондай-ақ жоғары иммунитетті қалыптастыра алатын мүмкіндікті көрсетті.

Айта кетсек, EClinicalMedicine, The Lancet журналы медициналық және денсаулық сақтау саласындағы түпнұсқа зерттеулерді және COVID-19 вакцинасын әзірлеу мен зерттеудегі соңғы жетістіктерді жариялайтын әлемдік басылым.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға