Қайғылы оқиға әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректорат ғимаратында болған. Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сенсек, бойжеткен 14-қабаттан құлаған, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Аталған фактіні полиция растады. Студент қыз оқиға орнында көз жұмған.
Бостандық аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Алдын ала болжам бойынша қайғылы жағдайға отбасылық мәселелер себеп болуы мүмкін. Алайда нақты қорытынды тек тергеу амалдары аяқталғаннан кейін белгілі болады.
Осы ретте полиция тұрғындарды расталмаған ақпарат таратпауға және тек ресми дереккөздерге сүйенуге шақырды.

