Жаңалықтар

ҚазҰУ-да су сапасын зерттеуге арналған жаңадан зертхана құрылды

ҚазҰУ-да су сапасын зерттеуге арналған жаңадан зертхана құрылды
Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі 01.10.2024 01:17 765

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Тұрақты даму және табиғатты тиімді пайдалану ғылыми орталығында су ресурстарының сапалық құрамының динамикасын модельдеу зертханасы құрылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, зертхана ғалымдары судың құрамын ластаушы заттарға талдау жүргізіп, олардың деңгейін анықтайды. Бұл жұмыстар қоршаған ортаға кері әсерін тигізетін факторларды азайтуға септігін тигізеді. 

Су ресурстарының сапалы құрамының динамикасын модельдеу зертханасының жетекшісі, география ғылымдарының докторы Людмила Павличенконың айтуынша талдау жұмыстары адам денсаулығына су арқылы таралатын инфекцияларды болдырмау  үшін шаралар қабылдауға мүмкіндік беретін көрінеді. 

Осы зертханада алынған талдаулар ауыз судың сапасын бақылауға және жақсартуға көмектеседі. Бұл жалпы адам денсаулығына және қоршаған ортаны қорғауға ықпал етеді. Сонымен қатар, зертханалық деректер мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға су ресурстарын пайдалануға байланысты негізделген шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді және су ресурстарын тазарту мен қорғаудың қосымша шараларын енгізу қажеттілігін анықтауға көмектеседі. Зертхана сонымен қатар Тұрақты даму мақсаттарының 6-бағытын жүзеге асырады, - дейді Людмила Павличенко.

Зертхананың қызметі бірнеше аспектілерді қамтиды:

- Су сапасының параметрлерін зерттеу. Зертхана ластану деңгейі, әртүрлі химиялық заттардың құрамы және т.б. сияқты су сапасының әртүрлі параметрлерін талдайды және бағалайды.

- Су сапасының өзгеру динамикасын модельдеу. Математикалық модельдеуді қолдана отырып, зертхана табиғи және техногендік факторларға негізделген су сапасының өзгеруін болжауға мүмкіндік беретін модельдер жасайды.

- Антропогендік факторлардың әсерін бағалау. Зертхана өнеркәсіптік кәсіпорындар мен коммуналдық шаруашылықтың тазартылған сарқынды суларын пайдалану, ауыл шаруашылығы алқаптары мен жануарларды суару суларын ағызу және т.б. сияқты антропогендік қызметтің су сапасына әсерін зерттейді.

- Судың сапасын жақсарту бойынша шаралар әзірлеу. Далалық зерттеулердің нәтижелеріне, жер үсті және жер асты суларының сапасын бақылау деректеріне сүйене отырып, зертхана судың сапасын жақсарту және оның ластануын болдырмау бойынша ұсыныстар әзірлейді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға