Жаңалықтар

QazTrade еуропалық серіктестермен сауда-экономикалық қатынастарды нығайтпақ

Француз агроөнеркәсіптік консорциумымен келісім жасасты
QazTrade еуропалық серіктестермен сауда-экономикалық қатынастарды нығайтпақ
Фото: Qaztrade 30.11.2022 15:26 1065

Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың Франция Республикасына мемлекеттік сапары аясында Қазақстан-Француз инвестициялық дөңгелек үстелінің отырысы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Дөңгелек үстел алаңында «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ және әлемдегі ең ірі мия өндірушілердің бірі Malteries Soufflet компаниясы Қазақстан аумағында мия экспортына бағдарланған өндірісті кеңейтуге және оны көрші елдердің нарықтарында ілгерілетуге бағытталған Өзара түсіністік туралы меморандум жасасты.

Malteries Soufflet - Soufflet Group компанияларының бірі - мия, ұн, жүгері өңдеу және т.б. өндірумен айналысатын Француз агроөнеркәсіптік консорциумы.

Қазақстанда Soufflet Group сапалы сыра қайнату миясын өндірудің көпжылдық дәстүрлері мен мәдениеті «Суффле Қазақстан мия зауыты»                 АҚ-ның базасында табысты іске асырылуда. Кәсіпорынның жобалық қуаты жылына 80 мың тонна мия. Компанияның Франция, Румыния, Польша, Чехия, Венгрия, Ресей, Украина, Қазақстанда осындай өндірістері бар.

Премиум қазақстандық өнімдер ЕО нарығында жоғары сұранысқа ие.

Сондай-ақ, қазақстандық компания, QazTrade Accelerator бағдарламасының қатысушысы, «Қарағанды-бекіре» ЖШС Caviar House Airport Premium SA және Swiss Choice Holding SA -мен бекіре уылдырығын жеткізуге арналған коммерциялық шартқа қол қойды.

«Қарағанды-бекіре» ЖШС - бекіре тұқымдас балықтарды өсіретін өндірістік кәсіпорын. Бекіре балықтарын өсіру рециркуляциялық жүйелерде (УЗВ) жүреді, онда сыртқы факторлардың (жауын-шашын, жабайы құстар) әсері толығымен жойылады. Кәсіпорын бекіре тұқымдас балықтар саласында жаңа технологияларды қолданады, бұл халықаралық стандарттарға сәйкес келетін жоғары сапалы өнім алуға мүмкіндік береді. Технологиялық жобаны әзірлеу үшін еуропалық мамандар тартылды. Ферма суды бактериялар мен микроэлементтерден ультракүлгін зарарсыздандыру жүйесі арқылы қосымша тазартудан өткен артезиан ұңғымаларынан алады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға