Жаңалықтар

«Қазсушар» қызметкерлерінің айлығы орта есеппен 25%-ға өсті

«Қазсушар» қызметкерлерінің айлығы орта есеппен 25%-ға өсті
Фото: Сауда және интеграция министрлігі 16.08.2024 19:02 632

2024 жылдың 1-ші қаңтарынан айлықтары тариф есебінен төленетін «Қазсушар» мамандарының еңбекақылары орта есеппен 23%-ға көтерілді. Нәтижесінде, кәсіпорын қызметкерлерінің жалпы санының 47%-ының айлықтары ұлғайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ал, 1 мамырдан еңбекақысы республикалық бюджеттен төленетін «Қазсушар» мекемесі қызметкерлерінің айлығы орта есеппен 25%-ға өсті. 

Министрлік кадр жетіспеушілігі мәселесін шешу мақсатында су саласы мамандықтарының тартымдылығын арттыру үшін бірқатар іс-шараларды жүзеге асыруда. Мәселен, «Болашақ» бағдарламасына өзгерістер енгізіліп, оған «Гидрогеология», «Су ресурстары» және Су қауіпсіздігі» секілді су саласының мамандықтары қосылды. Нәтижесінде, биылдан бастап қазақстандық студенттер аталған мамандықтар бойынша шетелде білім ала алады.

Биыл су саласының 450-ден астам қызметкері мамандандырылған орталықтардың жанындағы біліктілік арттыру курстарынан өтеді.

Су ресурстары және ирригация министрлігі 9 жоғары оқу орнымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Нәтижесінде оқу орындарының студенттері «Қазсушар» мемлекеттік кәсіпорнының филиалдарында өндірістік тәжірибеден өте алады. Бүгінгі таңда 80 студент өндірістік тәжірибеден өтті. 

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті Ташкент ирригация және ауылшаруашылығын механикаландыру инженерлері институтымен қосдипломды білім берудің бірлескен бағдарламасын іске қосты. Осылайша, бір саладағы мамандықтар бойынша оқитын қазақстандық студенттер көрші мемлекеттің оқу орнының дипломын қатар алады. 

Тараз қаласында жеке Ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетін ашу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға