ҚазСат-3-тің ақауына қатысты министрлік мәлімдеме жасады
16.09.2023 16:25
Фото:
Ашық дереккөзден
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Қазақстандықтар жұма күні кешке сүйікті бағдарламаларын неліктен көре алмауына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бүгін Ай мен Жердің көлеңкелі аумақтарынан ұзақ уақыт өту кезінде KazSat-3 байланыс аппараты батареялар блоктарының қуаты бітіп қалды. Салдарынан спутниктік телерадио хабарларын таратып, спутниктік деректерді беретін қолданыстағы сервис уақытша тоқтап қалды. Қазіргі уақытта "Республикалық ғарыштық байланыс орталығы" АҚ ұлттық операторы ғарыш аппаратын жасаушы "Академик М.Ф.Решетнев атындағы ақпараттық спутник жүйесі" АҚ-мен бірлесіп, аталған сервистерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр", - деп жазылған министрлік таратқан хабарламада.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

