Қазнетте «Қайрат» пен «Реал» кездесуінің ЖИ-мен жасалған видеосы тарады
Қазақстандық режиссер Мәлік Зеңгір алда өтетін «Қайрат» пен мадридтік «Реал» арасындағы ойынға арнап жасанды интеллект көмегімен ерекше бейнеролик түсірді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Видео ортағасырлық шайқас стилінде жасалған, онда қос клубтың айқасы тарихи көрініс түрінде бейнеленген.
Автордың айтуынша, фан-арт форматындағы бұл жұмысты жасауға ол бүкіл демалысын арнаған.
Мұндай дүниені ақшаға жасасам дұрыс болар еді. Бірақ бұл оқиға бүкіл Қазақстан үшін маңызды болғандықтан, өзім үшін арнайы промо-ролик жасауды жөн көрдім. Айтқандай-ақ: Мбаппе ешқашан Сәтпаевтағы донерге бұлай жақын болмаған шығар. Hala Madrid & Қайрат, алға! - деп жазды режиссер.
Айта кетейік, Мәлік Зеңгір 2023 жылы Канн кинофестивалінде жүлдеге ие болған болатын.
Зеңгәрдің арт-видеосы желіде қолдау тауып, 12 мыңнан астам қаралым жинады. «Қайрат» жанкүйерлері бейнероликті жылы қабылдады.
Еске сала кетейік, 30 қыркүйекте «Қайрат» өз алаңында мадридтік «Реалды» қабылдайды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram

