Жаңалықтар

«ҚазМұнайГаз» басшысы: Жаңаөзен жұмысшыларының талаптары жиі өзгереді

«ҚазМұнайГаз» басшысы: Жаңаөзен жұмысшыларының талаптары жиі өзгереді
Фото: El.kz 19.04.2023 12:40 1363

Президенттің қатысуымен өткен еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңестен кейін «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев Жаңаөзен жұмысшыларының талабы туралы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Жұмысшылардың талаптары жиі өзгере береді. Сол жағы өкінішті. Біз ұсынған жұмыстардан бас тартып жатады. Өткенде осылай болды. «Өзенмұнайгаздың» өзіне алыңдар» деп талап қойды. Бұл – орынсыз, орындалмайтын талап. Өйткені кезекте тұрған 9000-нан астам адам бар. «Өзенмұнайгазға» кірудің тиісті алгоритмі қалыптасқан. Оны бұза алмаймыз, – дейді Мағзұм Мырзағалиев.

Ұлттық компания басшысының айтуынша, «Өзенмұнайгазға» кіру үшін алдымен коммуналдық мекемеде жұмыс істеу керек.

Айта кетейік, бір апта бұрын «БерӘлі Маңғыстау Company» компаниясының бұрынғы қызметкерлері Астанаға келіп, ереуілге шыққан болатын. Бірақ кейін «ҚазМұнайГаз» басшыларымен келісіп, үйлеріне қайтқан еді. Қазіргі кезде екі тарап арасында келіссөз жүріп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға