Жаңалықтар

«ҚазМұнайГаз» акция саудасының ашылу салтанаты өтті

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлім етті
«ҚазМұнайГаз» акция саудасының ашылу салтанаты өтті
Фото: Үкімет 08.12.2022 11:50 1727

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Қазақстан қор нарығы тарихындағы ең ірі IPO шеңберінде «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ акцияларының сауда-саттығын ашу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Премьер-Министр өз сөзінде жетекші ұлттық компанияның IPO-сы экономикадағы мемлекеттің үлесін азайту реформасын әрі қарай іске асыру шеңберінде жүргізіліп жатқанын атап өтті. IPO-ның жалпы көлемі 154 млрд теңгені ($330 млн-ды) құрайды. Берілген өтінімдер саны шамамен 130 мың.

Қазақстандық инвесторлардың үлесі 95%-дан артық.

«Біздің азаматтардың өтініштері басым тәртіпте әрі толықтай қанағаттандырылды. «ҚазМұнайГаздың» IPO-сы Қазақстанның қор нарығы үшін ірі мәмілелердің бірі болып табылады. Бұл отандық қаржы нарығын дамытуға, еліміздің азаматтарына да оң әсер етеді», — деді Әлихан Смайылов.

Оның айтуынша, ірі мемлекеттік компанияларды қор нарығына шығару – олардың қоғам мен акционерлер алдында есеп беру міндетін ұлғайтып, ашықтығын арттырады. Халықтың инвестициялық мәдениеті мен қаржылық сауаттылығы жетіліп келеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға