Жаңалықтар

Қажылыққа баратындарды виза жасаймын деп алдаған турфирма басшысы қамауға алынды

Қажылыққа баратындарды виза жасаймын деп алдаған турфирма басшысы қамауға алынды
Фото: ІІМ-нің баспасөз қызметі 25.11.2023 12:23 838

Қажылыққа барушыларды визамен алдаған турфирма басшысы ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ІІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қазір ІІМ тергеу департаменті қажылық туризмін ұйымдастыру саласындағы алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. 
Оның нәтижесі бойынша «Zam Zam Qazaqstan» туристік компаниясының басшысы Сауд Арабиясына қажылықты заңсыз ұйымдастырғаны әшкереленген. 
 
Тергеу кезінде Сауд Арабиясы мемлекеттік органының ресми сайтына ұқсас, қажылық жасауға берілген виза растайтын жалған сайтты құру дерегі анықталды. 22 қарашада сот санкциясымен күдікті қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.
 
Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде өзге де мәліметтер жария етілмейді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға