«Қазгидромет» бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады
06.11.2023 00:33
Фото:
© El.kz
«Қазгидромет» РМК 6 қарашаға бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, Ұлытау облысының солтүстігінде, Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі.
Қызылорда облысында жел шығыстан соғады, облыстың орталығында, шығысында күндіз күші 15-20 м/с болады.
Түркістан облысының солтүстігінде шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с-ке дейін жетеді.
Жетісу облысы Алакөл көлдері ауданында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20, түнде кей уақытта 25 м/с болады.
Астанада түнде және таңертең тұман түседі.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

