Жаңалықтар

Қазгидромет бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады

Қар жауып, көктайғақ болады
Қазгидромет бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады
Фото: pixabay 02.01.2023 10:10 1744

13 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Қазгидрометке сілтеме жасап.  

Жамбыл облысының батысында, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіліп, көктайғақ болады.

Астана қаласында бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан жел соғады күндіз 2 қаңтарда 15-20 м/с, 3 қаңтарда 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді.

Кызылорда облысының шығысында, орталығында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, кей уақытта 30 м/с және одан да асуы мүмкін.

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Шымкент қаласында күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысында күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, күші екпіні 15-20 м/с жетеді.

Атырау облысының батысында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында және орталығында 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Ұлытау облысының басым бөлігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20, кей уақытта 23-28 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с.

Ақтөбе облысының шығысында тұман түседі, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, көктайғақ, бұрқасың күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз 15-20, облыстың солтүстігінде екпіні 25 м/с.

Қостанай облысының оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың шығысында тұман түседі.

Жетісу облысының таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға