Алматы қаласының әкімдігі

«Қазгидромет» Алматы тұрғындарына ескерту жариялады

«Қазгидромет» алдағы күндерге арналған экологиялық жағдай болжамын ұсынды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Бүгін Алматы қаласында қолайсыз метеорологиялық ахуал қалыптасады. Бұл құбылыс атмосферада зиянды заттардың шоғырлануына әсер етуі мүмкін.

Метеорологиялық тұрғыдан алғанда, мұндай жағдайлар - ауа қозғалысының баяулауы, тымық, тұман және инверсия секілді табиғи факторлардың жиынтығы. Олар ластаушы бөлшектердің таралуына кедергі келтіріп, ауаның сапасын төмендетеді.

Сондықтан синоптиктер қала тұрғындарына денсаулығына зиян келтірмеу үшін ұзақ уақыт далада болмауға және көлікті мүмкіндігінше аз пайдалануға кеңес береді.

Айта кетейік, 3 қараша күні еліміздің 15 облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланған. Сонымен қатар «ҚазАвтоЖол» компаниясы жүргізушілерге жолдағы жағдайға мұқият болуды ұсынды.