Жаңалықтар

Қазгидромет алдағы жаз қандай болатынын айтты

Қазгидромет алдағы жаз қандай болатынын айтты
Фото: ©El.kz 02.04.2024 14:16 746

"Қазгидромет" РМК мамандарының ақпаратына сәйкес сәуір және мамыр айларында ел аумағының басым бөлігінде ауаның орташа температурасы бір айдағы нормадан 1° жоғары болады деп күтілуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жауын-шашын мөлшері сәуір айында республика аумағының басым бөлігінде нормадан көп, еліміздің солтүстік-шығысында, орталығында және оңтүстік облыстарының солтүстігінде - норма шамасында, мамырда жауын-шашын мөлшері басым бөлігінде климаттық норма шамасында болжанады.

Көктемде ауа райы қысқы тосынсыйлар туындатуы мүмкін. Өйткені өтпелі маусымдықта синоптикалық процестер өте тұрақсыз. Каспидің оңтүстігінен және Ресейдің Еуропалық аумағынан циклондардың әсерінен жауын-шашын күтіледі: түнгі уақытта жаңбыр мен қар түрінде, күндіз жаңбыр түрінде, ал оңтүстік аймақтарда суық ауа массаларының енуінің салдарынан үсік болуы мүмкін.

Маусым айында ауаның орташа айлық температурасы республиканың басым бөлігінде нормадан 1-2° жоғары, яғни әдеттегіден ыстық, елдің батыс бөлігінде норма шамасында болады деп болжанады.

Шілде, тамыз айларында Қазақстанда ауаның орташа айлық температурасы норма шамасында, тек тамызда - елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында нормадан 1°жоғары болады деп күтілуде.

Егер жаздың басында маусым айында алдын ала болжам бойынша Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын мөлшерден аз күтілсе, шілде және тамыз айларында ҚР көптеген облысында жауын-шашын мөлшері норма шамасында және нормадан көп, шілде айында елдің оңтүстік-батысында және оңтүстік жартысында, ал тамызда ҚР орталықта, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста нормадан аз болады деп болжанады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға