Жаңалықтар

«Қазгидромет»: Алдағы күндері еліміздің басым аумағында қатты жаңбыр күтілуде

«Қазгидромет»: Алдағы күндері еліміздің басым аумағында қатты жаңбыр күтілуде
Фото: © Pixabay.com 06.04.2024 19:27 583

Алдағы күндері еліміздің басым аумағында ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Көп өңірде қатты жауын-шашын күтілуде. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Алина Исмагулова алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Синоптиктердің болжамына сәйкес, 6-12 сәуір аралығында Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Жауын-шашын жаңбыр түрінде болады деп болжануда.

7 сәуірде түнде, 11- 12 сәуірде Алматы облысында, 9 сәуірде Түркістан облысында, 9 және 11 – Жамбыл облысында, 8 – елдің орталығында, Ұлытау облысы мен Қарағанды облысында, 9, 11, 12 сәуірде Жетісу облысында қатты жаңбыр жауады деп күтіліп отыр. Абай облысы, ШҚО-да 9-10 сәуірде қатты жаңбыр жауады деп болжануда. 11-12 сәуірде де қатты жауын-шашын, қарға айналатын жаңбыр болады.

9 сәуірде елдің батысында, 11-12 сәуірде солтүстік – батыста, 12 сәуірде республиканың солтүстігінде, сондай-ақ Ұлытау облысында жауын – шашын басылады деген болжам бар.

Ауа температурасының біртіндеп төмендеуі елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында болжанады. Батыста ауа температурасының көтерілуі күтілуде. Ауа температурасының ауытқуы оңтүстікте, оңтүстік-шығыста түнде 3 градустан 10 градусқа дейін, күндіз 12-ден 25 градусқа дейін, таулы жерлерде түнде 2 градус аяздан 3 градусқа дейін. Күндіз 5-тен 17 градусқа дейін ауытқиды, - деді Алина Исмагулова.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға