Жаңалықтар

Қазгидромет: 8 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Елдің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Қазгидромет: 8 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Фото: almaty.tv 08.01.2023 07:30 2255

8 қаңтар күні елдің басым бөлігінде ауа райы күрт өзгереді, деп хабарлайды El.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Астанада 8 қаңтар күні бұрқасын мен көктайғақ болады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстігінде таулы аудандарында жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, екпіні 23-28 м/с болады.

Таразда кей уақытта тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, кей уақытта 23 м/с.

Қызылорда облысының солтүстігінде түнде көктайғақ болып, оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады. Желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді, облыстың орталығында 23 м/с.

Қызылорда қаласында күндіз жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күші 15-20 м/с-қа жетеді деп болжануда.

Маңғыстау облысының батысында, шығысында көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, шығысында түнде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Ақтауда көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с.

Ұлытау облысының басым бөлігінде бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді, күндіз облыстың басым бөлігінде желдің күші 15-20 метрге, кей уақытта екпіні 23-28 м/с-ке жетеді.

Жезқазғанда бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Түркістан облысының солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстын жел соғады, түнде таулы аудандарда, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында желдің күші секундына 15-20 метрге, екпіні 23-28 метрге жетеді.

Шымкентте оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз күші 15-20, екпіні 23 м/с-ке жетеді.

Түркістанда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз күші 15-20, екпіні 23 м/с-ке жетеді.

Ақмола облысында түнде қар, күндіз жауын жауады. Кей уақыттарда бұрқасын, күндіз көктайғақ болады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады. Түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, күндіз 15-20, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 25 м/с.

Көкшетауда бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында бұрқасын соғады. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Атырау облысында солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында жылдамдығы 15-20 м/с.

Атырауда солтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с.

Павлодар облысының басым бөлігінде аралас жауын (қар, жаңбыр) жауады. Облыстың солтүстігінде, батысында бұрқасын. Күндіз оңтүстігінде, облыс орталығында көктайғақ болады. Оңтүстіктен жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, батысында, күндіз облыстың басым бөлігінде желдің жылдамдығы скундына 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде екпіні 23 м/с-ке жетеді.

Павлодарда күндіз жауын-шашын (қар, жаңбыр), көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Ақтөбе облысының шығысында қалың қар жауады. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын соғады, облыстың оңтүстігінде көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде жылдамдығы секундына 15-20 метрге, облыстың оңтүстігінде екпіні 23 м/с-ке жетеді, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Ақтөбеде түнде жаяу бұрқасын соғады. Солтүстік-батыстан жел соғып, түнде екпіні 17 м/с-кежетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауып, бұрқасын соғады. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күші 15-20, екпіні 25 м/с.

Петропавлда жаяу бұрқасын соғады. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күші 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында жылдамдығы 15-20 м/с.

Өскеменде күндіз бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Абай облысының солтүстігінде, батысында, орталығында бұрқасын, көктайғақ болады. Жел оңтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында желдің жылдамдығы 15-20 м/с.

Семейде күндіз бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с

Қостанай облысының басым бөлегінде қар, облыстың солтүстігінде, шығысында қалың қар, бұрқасын соғады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні 25 м/с.

Қостанайда бұрқасын соғады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын соғып, тұман түседі, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде желдің күші 15-20, кей уақытта екпіні 23-28 м/с-ке жетеді.

Қарағандыда бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға