Қазгидромет: 7 ақпанда қар жауып, найзағай ойнауы мүмкін
Фото: aikyn.kz
Фото: aikyn.kz
07.02.2023 08:41
1117
7 ақпанда еліміздің аумағында қауіпті метеорологиялық жағдайлар орын алуы мүмкін, деп хабарлайды El.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.
Синоптиктер осындай болжам жасады.
Республикамыздың басым бөлігі әлі де, антициклон және онымен байланысты атмосфералық фронталды бөліктердің ықпалында болады. Сондықтан тұрақсыз ауа райы сақталады, еліміздің солтүстік жартысында - қар жауып, жаяу бұрқасын, оңтүстікте жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады, - делінген хабарламада.
Елдің бүкіл өңірінде жел күшейіп, тұман түседі. Ал оңтүстік-батыста, оңтүстік-шығыста – көктайғақ, түнде Түркістан облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында найзағай күтіледі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Семейде коммуналдық апат орын алды
Келесі жаңалық
Қостанайда сырғанақ кезінде бес бала ауруханаға түсті